Руханият

Шежіреге толы туған өлке

Шежіреге толы туған өлке


Семейдегі қалалық орталық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шежіреге толы туған өлке» атты өлкетану оқулары өтті. Шараға Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің студенттері қатысты.

– Жастарымыз өз өлкесінің тарихын біле жүргені абзал. Бұл шараны өткізудегі мақсатымыз – кітапханада Семей тарихына байланысты өлкетану жұмыстарын жандандыру, -деді Мейрамгүл Маханбетова.

Өлкетану оқуларында Абай мұражайының қызметкері Қуат Қиықбай тыңдаушылардың назарына жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың Семеймен байланысты шығармашылығы туралы баяндамасын ұсынды. Қатысушылар музей материалдарынан көп пайдалы ақпарат алды.

Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледждің қызметкері Әсем Зияданова Қазақ КСР-інің Еңбек сіңірген мұғалімі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі Жақия Шайжүнісовтің өмірі мен еңбек жолы туралы әңгімелеп берді. Ал Жанат Мансарина Кеңес Одағының батыры, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Әйткеш Ибраев туралы айтты. Сонымен қатар Абай ауданының тумасы, қазақтың тұңғыш скрипкашысы, Қазақстандағы тұңғыш скрипка мектебінің негізін қалаушылардың бірі Әйткеш Толғанбаев музыкатанушы-этнограф, белгілі қазақ фольклорын жинаушы, композитор, Қазақ АССР Халық әртісі, Қазақстанның кәсіби композиторлық мектебінің қалыптасуына еңбегін сіңірген Александр Затаевич туралы ақпарат ұсынылды. «Семей шежіресі сыр шертеді» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылып, түрлі ақпараттық-библиографиялық өнімдер қойылды.

Раушан Нұғманбекова
Семей

Осы айдарда

Back to top button