ШЕТТЕН КЕЛГЕН ТОННА-ТОННА КИІМ
Қазақстанда киім бір жылда 14,6%-ға қымбаттаған.
Биыл киім бағасы Астанада 25%-ға, Қызылордада 19,8%-ға және Ақмола облысында 19%-ға өскен. Статистикалық деректер бойынша бір жылда ерлер киімі 14%-ға, әйелдер киімі 14,1%-ға, балалар киімі 17,2%-ға қымбаттаған.
2022 жылдың тоғыз айында елде 43,1 млрд теңгеге киім өндірілген, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 12,7%-ға артық. Өндіріс бойынша көшбасшылар – Шымкент (шығарылған тауардың құны жылына 7,4 млрд теңгеге жетті), Алматы (6,9 млрд теңге) және Алматы облысы (4,2 млрд теңге).
2022 жылғы қаңтар-тамызда елімізге келген трикотаж және тоқыма киімдерінің импорты заттай 71 мың тонна және құндық мәнде 888,9 млн доллар болды. ТМД елдерінен 16,9 мың тонна киім әкелінген. Негізгі жеткізуші – Өзбекстан (10,2 мың тонна).
Алыс шетелдерден Қазақстан 54,1 мың тонна киім импорттады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға көп. Ал импорт көлемі бойынша Қытай (39,3 мың тонна) және Түркия (12 мың тонна) көш бастап тұр.
ЖАМАЛ ЕРМЕН