Шемонайхалықтар кім сілтеген жолмен жүр?

Келмеске кеткен кеңес заманын көксеу ме, әлде марксистер санамызды улаған «сәулетті болашақ» – коммунизмнен күдер үзбеу ме, немесе халқымызға алапат қайғы-қасірет әкелген «қызыл қырғынның» дем берушісі, тікелей ұйымдастырушысы –революция көсеміне деген шексіз құрметтің белгісі ме, кім білсін, әйтеуір шемонайхалықтар әлі де Лениннің ескерткішін көздің қарашығындай сақтап келеді. Ол адамзаттың арманын арбайтын, қиял-ғажайып ертегілерде де болмайтын, ақылға еш қонбайтын бұлыңғыр бір болашаққа жол сілтеп, аудандық мәдениет үйінің ту сыртында тұр.
Мұны қалай түсінген жөн? Кейбіреудің санасында әлі кезіп жүрген коммунизмнің елесінен емексу ме, әлде миллиондаған жазықсыз жандарды қырып-жойып, жапа шеккізген тас жүрек жанның тас мүсініне табыну ма?
Шығыс-Ақпарат