Қоғам

Үшемдердің ешқайсысы сыйлықсыз қалмайды

Аяз атаға хат

Үшемдердің ешқайсысы сыйлықсыз қалмайды

Осыдан бірнеше күн бұрын редакциямызға ерекше хат келді. Ерекше болатыны, хатты Семей қаласына қарасты Қайнар ауылында тұратын Сұлтан, Нұрлан және Зылиқа есімді үшем жазған екен. Хатта 5-ші сыныпта оқитын бүлдіршіндер Аяз атаға өз өтініштерін білдіріп, армандарын айтқан екен (хаттың көшірмесін төменде ұсынып отырмыз). Газетіміздің биылғы 12 желтоқсандағы нөмірінде «Қазпошта балалар арманын орындайды» деген материал жарияланған болатын. Онда «Қазпошта» АҚ-ы «Аяз атаға хат жаз» атты акцияны бастағаны және балалардың хаттарының 20 желтоқсанға дейін қабылданатыны туралы айтылған болатын. Қайнар ауылында тұратын үшемдер хатты осы акцияға орай жолдаған болар деп түсіндік. Хаттың соңында оның 16 желтоқсан күні жазылғаны көрсетілген. Алайда хат редакцияға тек 28 желтоқсан күні жетті.

Үшемдердің ешқайсысы сыйлықсыз қалмайды

«Қазпоштаның» хаттарды қабылдау уақыты аяқталып қойғандықтан, біз бүлдіршіндердің өтініштерін жерде қалдырмайық деген ниетпен Семей қаласының әкімдігіне, қала әкімінің баспасөз қызметімен байланысқа шығып, оқушылардың өтініштерін жеткізген едік. Баспасөз қызметінің өкілдері бүлдіршіндердің өтініші жерде қалмайтынын, қалаған сыйлықтарының тапсырылатынын жеткізді. Бұл туралы газетіміздің алдағы нөмірлерінде оқырмандарымызды хабардар ететін боламыз.

Редакция.

Осы айдарда

Back to top button