COVID-19 

Шектеу шаралары тағы да бұзылды

Облыс көлемінде қоғамдық көлікте, дүкендерде, дәріханаларда, көңіл көтеру орындарында белгіленген шектеулерді сақтау бойынша күнделікті рейдтік іс-шаралар жалғасуда.
Семей қаласының мониторингтік топтары 30 Сәуірде 310 нысанға тексеру жүргізді. Соның ішінде «жылу картасына»кіретін 278 нысан күнделікті мониторингпен қамтылды. Нәтижесінде шектеуталаптарын бұзған 7 жағдай анықталып (сауда үйлерінде, базарларда, қоғамдық тамақтану объектілерінде және қоғамдық көлікте бетперде режимін бұзу), 43 755 теңге сомасына 1 хаттама толтырылды. 43 755 теңге сомасына 1 айыппұл өндірілді.
Шемонаиха ауданында мониторингтік іс-шаралар барысында 77 объект қамтылды. Карантин режимін бұзған 1 факті тіркеліп, 43 755 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Бұдан басқа, санитарлық талаптардың сақталуына мониторинг Риддер қ., Курчатов қ., Бесқарағай, Абай, Үржар, Ұлан, Күршім аудандарында жүргізілді. Карантин шараларын бұзғандар жоқ.

 

Didar ақпарат

 

Осы айдарда

Back to top button