COVID-19 

Шектеу шаралары қатаң сақталады

Берікхан Тайжігіт

Ауданда коронавирус індетіне байланысты сақтық шараларын ұстану басты мәселелердің біріне айналған.  Тұрғындар біртіндеп ревакцинация алуға бет бұрды. Өңірдегі  эпидахуал жайында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Арай Қонысбаевамен сұхбаттасқан едік.

Жалпы, коронавирус инфекциясының пандемиясы басталғаннан бері Аягөз ауданында тіркелген науқастардың саны 1375, олардың  618-і ауру белгілерімен (симптоммен), 757-сы ауру белгілерінсіз (симптомсыз). Ал соңғы тәулікте  коронавирусты жұқпамен 17 жағдай тіркелді. Елімізде «Омикрон» жаңа штамының айналымына, нақтырақ айтсақ, Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ елде және облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттану жағдайларының өршуіне, облыстың «қызыл» аймаққа көшуіне байланысты облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы  қаулысымен 2022 жылғы 20 қаңтардан бастап шектеу шараларын қатаңдату қарастырылған. Сондықтан коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, 2022 жылдың 20 қаңтарынан бастап облыс бойынша қосымша алдын алу шаралары, оның ішінде «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда да жүзеге асырылатын болады, – дейді ол.

  «Ashyq» жобасы бойынша кімдерге, қандай орындарға рұқсат етіледі?

Спорттық-сауықтыру орталықтарына, фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарға, моншаларға, сауналарға, бассейндерге тек «Ashyq» жасыл статусы бар адамдарға ғана кіру рұқсат етілген. Ашық ауада да, үй ішінде де, отбасылық, естелік іс-шараларды қоса алғанда, оның ішінде үйде де бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін еске алу шараларын өткізуге рұқсат берілген. Сол сияқты, қоғамдық тамақтану объектілерінде бір үстелге келушілер саны 4 адамға дейін қысқарады; қызыл аймақтағы кинотеатрлардың («Ashyq» жобасына қатысушылардың) толымдылығы 30 пайыздан аспайды. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен коммуналдық шаруашылықты қоспағанда, қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды жүргізуге қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 70 пайызын қашықтан жұмыс нысанына ауыстыру тиіс.

Жалпы, бұл шектеулер елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға, аурулар санының ұлғаю қаупін азайтуға, неғұрлым қатаң шектеу шараларын енгізуге жол бермеуге бағытталған. Елді мекендер, қалалар арасында қажеттіліксіз артық жүріп-тұрудан бас тартуға кеңес береміз.  «Қызыл» аймақ бойынша көзделген объектілердің қызметін шектеу шаралары 2022 жылғы 20 қаңтардан бастап облысымыздың барлық аумағында қолданылады. Бүгінгі таңда инфекцияның таралу тізбегін бұзуға мүмкіндік беретін профилактикалық тиімді әрекеттер бойынша жұмысты жалғастыру өте маңызды. Қазіргі уақытта шектеулерден тез шығудың кепілі коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация және карантин талаптары мен шектеу шараларын қатаң сақтау қажеттігін естен шығармаған жөн.

 

 

Аягөз ауданы.

 

Осы айдарда

Back to top button