Қоғам

Шұбатты құтыға құйып сатпақ

Шұбатты құтыға құйып сатпақ

Тарбағатай өңірінде бірінші болып түйе ұстап, шұбат өндіруді қолға алған Данияр Тапанов екі жылдан бері ұлттық сусынымызбен аудан орталығының тұрғындарын қысы-жазы қамтамасыз етіп келеді.
Қазір Данияр өндіретін дәрумені мол сусынға сұраныс артып, күнібұрын тапсырыс берушілер қатары көбейген. Осыны ескерген іскер азамат биыл жұмыспен қамту орталығынан алты миллион теңге несие алып, Қызылорда облысынан бес бірдей сүтті түйе сатып әкелді. Алдағы уақытта Ақсуат ауылында шұбат өндіретін шағын цех ашып, кәсібін кеңейтпек ойы бар. Сөйтіп, шипалы сусынды бұрынғыдай емес, арнайы құтыларға құйып бүгінгі заманның талап-тілегіне сай етіп саудаламақ.
Жақында ол Алматы облысының Ақши ауылына барып, ол жерде еліміздегі ең ірі түйе шаруашылығын дамытып отырған Дәулет Сыдықтың тәжірибесін үйреніп қайтты.

Қадырбек Кәкімұлы
Тарбағатай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button