Қоғам

\”Шаңырақ\” байқауы

"Шаңырақ" байқауы

ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДА «ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ
ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер

1.1. Журналистика саласында «ШАҢЫРАҚ» шығармашылық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1223 қаулысымен бекітілген Ұлттық іс-шаралар жоспарының 43-тармағын іске асыру мақсатында өткізіледі.
1.2. Конкурстың құрылтайшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы болып табылады. Конкурстың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі.
1.3. Осы Ереже конкурсты өткізу тәртібін және жобаларды іріктеу белгілерін анықтайды.
1.4. Конкурстың басталуы туралы 2015 жылғы 6 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ресми салтанатты ашылуы кезінде жарияланды.

2. Конкурстың мақсаты және міндеттері

2.1. Конкурстың мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбына мақалалар жазатын журналистерді ынталандыру арқылы этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту.
2.2. Конкурстың міндеттері:
1) Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдағы этносаралық келісімді нығайту;
2) этносаралық қатынастар мен мәдениетаралық диалогтар саласындағы мемлекеттік саясат жетістіктерін көрсету;
3) қазақ халқының және Қазақстанда тұратын этностардың мәдениеті мен салт–дәстүрлерін насихаттау.
4) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
5) қазақстандық журналистиканың дамуына қолдау көрсету;
6) этносаралық келісім тақырыбы туралы жазатын қазақстандық БАҚ өкілдерінің рөлі мен жауапкершілігін арттыру.

3. Конкурсқа қатысушылар

3.1. Конкурсқа қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар және жеке авторлар қатыса алады.
3.2. 2015 жылы өтетін конкурсқа 2014 жылғы конкурстың жеңімпаздары қатыса алмайды.
3.3. Әр қатысушы тек қана бір өтінім бере алады.

4. Конкурс басшылығы

4.1. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа жалпы басшылық жасайды (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).
4.2. Конкурстарды өңірлерде Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылықтары немесе облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының «Қоғамдық келісім» КММ-і ұйымдастырады.
4.3. Ұйымдастырушы:
– осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
 қазылар алқасының құрамын және өтінімдерді бағалау жүйесі мен белгілерін бекітеді;
 конкурстың өткізілу тәртібін анықтайды және конкурс жеңімпаздарын марапаттауды қамтамасыз етеді;
 конкурс қорытындыларын бекітеді;
 www.assembly.kz сайтында конкурстың жариялануы туралы ақпарат орналастырады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы конкурстың қорытындылары туралы ақпарат береді.
4.4. Конкурс жеңімпаздарын анықтау мақсатында Ұйымдастырушы қатысушылардан қосымша ақпарат алуға құқылы.
4.5. Конкурс жеңімпазын қазылар алқасы анықтайды.

5. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі

5.1. Конкурсқа мемлекеттік, орыс және еліміздің этностық топтарының тілдерінде жазылған, 2015 жылғы 1 қаңтардан 15 қыркүйекке дейін БАҚ-та, оның ішінде, этноБАҚ-та және Интернет-ресурстарда жарияланған баспасөз материалдары, теле-, радиобағдарламалар қабылданады.
5.2. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
• Қазақстандық отансүйгіштікті нығайтудағы мемлекеттік рәміздердің мәні туралы үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар;
• мемлекеттік тілдің рөлін арттыруға бағытталған үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар;
• қазақстандық қоғамда этносаралық татулықты нығайтуға бағытталған үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар;
• қазақстандық этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамытуға бағытталған үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар;
• этномәдени бірлестіктердің қызметтерін насихаттайтын үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар.
5.3. Конкурс 2 кезеңнен тұрады:
– өңірлік конкурсқа қатысушылар 2015 жылғы 6 ақпаннан бастап 2015 жылғы 15 қыркүйекке дейін конкурстық жобаларды жібере алады.
– конкурстың бірінші (өңірлік) кезеңінен жеңіп шыққан конкурстық жұмыстар 2015 жылғы 1 қазаннан 2015 жылғы 20 қазанға дейін өтетін конкурстың екінші (республикалық) кезеңіне жіберіледі.
5.4. Өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ-і немесе Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық және Астана мен Алматы қалаларындағы хатшылықтары өңірлік кезеңнің конкурс жеңімпаздарының материалдарын (баспа түріндегі) жолдама хатпен қоса, өңірлік конкурстық комиссияның отырысы хаттамасының көшірмесімен бірге 2015 жылғы 1 қазанға дейін мына мекенжайға жібереді: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Орынбор к. 8, Министрліктер үйі, 13-кіреберіс, каб. 666.
5.5. Үздік жұмыстарды салтанатты марапаттау Астана қаласында 2015 жылғы қазан айында өткізіледі.
5.6.Конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғаннан соң келіп түскен немесе конкурс талабына сәйкес келмейтін өтінімдер конкурсқа жіберілмейді.
5.7. Конкурсқа жіберілген материалдарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.

6. Конкурстық өтінімді ресімдеу талаптары

6.1 Конкурсқа қатысуға өтінім беру қатысушының осы Ережемен белгіленген конкурсқа қатысу талаптары мен шарттарына келісімін білдіреді.
6.2 Конкурсқа қатысуға:
• қатысушы өтінімді осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес нысанда толтыруы тиіс;
• өтінімнің конкурс талаптарына сәйкес келуін растайтын қосымша құжаттар болуы тиіс.
6.3. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстың өңірлік ұйымдастырушысына конкурстың атауы мен жіберушінің деректерін көрсетіп электронды түрде, сонымен қатар, жабық конвертпен жіберуге болады.
6.4. Конкурсқа қатысуға түскен өтінімді конкурсты ұйымдастырушы өтінімнің келген күні мен уақытын көрсетіп, конкурсқа қатысуға тіркейді.
6.5. Конкурсқа қатысуға түскен өтінім Осы Ережемен қарастырылған талаптар бұзылған жағдайда қабылданбайды және тіркелмейді.
Байланыс телефондары: + 7 7172 74 12 15

1 Қосымша

Журналистика саласында өткізілетін
«ШАҢЫРАҚ» шығармашылық конкурсына қатысуға
ӨТІНІМ

1. Қатысушы туралы ақпарат:
• Облыс, елді мекен,
• тегі, аты-жөні,
• мекенжайы, туған күні
• ұлты
• оқу орны
• жұмыс орны
• лауазымы
• еңбек өтілі
• тұрақты мекенжайы
• байланыс телефондары

2. Шығармашылық құжаттар:
• баспасөз БАҚ-та жарияланған материалдардың (сканирленген) көшірмесі;
• интернет-ресурс беттерінде басылған материалдар көшірмесі;
• DVD, CD форматындағы дискіде жазылған теле-, радиобағдарламалар.

Осы айдарда

Back to top button