Қоғам

Шағын бизнеске шапағаты тиді

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Оған ауыл кәсіпкерлері және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар, жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі бар адамдар қатыса алады.

Шағын бизнеске шапағаты тидіОсы бағыт аясында шағын несие беру, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкер-ліктің негіздерін оқыту сияқты мемле-кеттік көмектер көрсетіледі.

2011 жылы Жарма ауданына «Жұмыспен қамту – 2020» бағдар-ламасының екінші бағытын қаржы-ландыруға 62,2 млн.теңге сомасында қаражат бөлінген болатын. Бағдарлама арқылы Жарма ауданының 30 азаматы несие алып, жеке ісін ұйымдастыруға және кеңейтуге мүмкіншілік алды.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдар-ламасы арқылы 3 кәсіпкерге жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфра-құрылымды дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді.

М. Кисиков,
Жарма аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы

Осы айдарда

Back to top button