Шағын бизнеске шапағаты тиді
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Оған ауыл кәсіпкерлері және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар, жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі бар адамдар қатыса алады.
Осы бағыт аясында шағын несие беру, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкер-ліктің негіздерін оқыту сияқты мемле-кеттік көмектер көрсетіледі.
2011 жылы Жарма ауданына «Жұмыспен қамту – 2020» бағдар-ламасының екінші бағытын қаржы-ландыруға 62,2 млн.теңге сомасында қаражат бөлінген болатын. Бағдарлама арқылы Жарма ауданының 30 азаматы несие алып, жеке ісін ұйымдастыруға және кеңейтуге мүмкіншілік алды.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдар-ламасы арқылы 3 кәсіпкерге жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфра-құрылымды дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді.
Жарма аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы