Шаш қидыру үшін 213 мың теңге төледі
Германияның Байройт қаласының тұрғыны 422 еуро (шамамен 213,6 мың теңге) төлеп, шаш қиюға жазылған. Бұл рекордтық көрсеткіш. Айта кетейік, бұл елде шаштараздар 2020 жылдың желтоқсанында жабылған болатын, – деп хабарлайды РИА Новости.
Басылым берген мәліметке сенсек, Германияда сұлулық салондары, косметикалық орталықтар, спа-салондар мен шаштараздар 2020 жылдың 16 желтоқсанынан бастап жабық. Бұл елдегі коронавирус пандемиясының екінші толқынымен күресу үшін 2 қарашада енгізілген шектеулер. Айта кетейік, олар 1 наурызда ашылады.
“Байройт тұрғыны шаштараз Андреас Нуиссль шаш қиюға жазбаны Ebay алаңы арқылы аукционмен сатуды ұйғарған. Нуиссль хабарландыруды 10 ақпанда жариялады, ұсыныс 20 ақпанда Михаэль Хопфтен түсті – 422 еуро”, – деп жазылған порталда.
Нуиссльдің айтуынша, бұл ақшаны Германияда және бүкіл әлемде балаларға көмек көрсету жобаларымен айналысатын екі қоғамдық ұйымға жұмсайды.
Ол 21 ақпанда әлеуметтік желілерде аукцион жабылғанын жазса. Қосымша 1310 еуро қайырымдыққа жиналғаны да хабарланды.
“Мен наурызда қоғамдық ұйымдарға қаражат жинау науқанын жалғастырамын”, – деді ол Facebook-те.
Didar ақпарат