Ауыл шаруашылығы

Шаруа қожалықтары үшін жер салығы көбеймек

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы жобасында еліміздегі бірыңғай жер салығын тоқтатып, шаруа қожалықтары үшін бұл төлемнің құнын 5-10 есеге көбейту көзделіп отыр.

Шаруа қожалықтары үшін жер салығы көбеймекИнтернет желісіндегі ақпараттар солай дейді. Құжат авторларының айтуынша, мұндай өзгертулер бірінші кезекте шаруашылық құрылымдарына тиесілі игерусіз жатқан жер телімдерінің мәселесін шешуге көмектесетін көрінеді. Алайда, Қазақстан Фермерлері одағының сарапшылары мұнымен түйткілдің түйіні шешіле қалмайтынын ескертуде.

– Әрине, жерді жалға алу құны қаншалықты қымбатқа түссе, қожалық иелері де оны соншалықты тиімді пайдалануға тырысады. Бірақ мұнымен іс бітпейді ғой, сол шаруашылықтардың басым көпшілігінің материалдық-техникалық базалары нашар. Оларға мемлекет бөлген қаржының өзі жетпей қалады. Енді оған қымбат жер салығы қосылса, тіпті қиын, – дейді осы одақтың төрағасы Әуезхан Даринов.

Дегенмен бүгінде иелігіндегі ат шаптырым алқапты игілігіне жарата алмай отырған қожалықтар аз емес. Оның ішінде түгін тартсаң, майы шығатын Шығыста да жетеді ондай жерлер.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button