Қоғам

Ұшаққа Хиуаз Доспанованың есімі беріледі

«Эйр Астана» Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтай отырып, әуе компаниясының бірінші ұшағына аты аңызға айналған ұшқыш Хиуаз Доспанованың есімін беретіндігін мәлім етті. «Embraer-190» әуе лайнерінің фюзеляжына атақты ұшқыштың есімін жазу рәсімі әуе компаниясының бірінші өз ұшағы жеткізілгенде өтеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Ұшаққа Хиуаз Доспанованың есімі беріледі2012 жылдың 15-мамырында қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы, Ұлы Отан соғысының ардагері, 588-ші түнгі бомбылаушы полкында соғысқан Х.Доспанованың туғанына 90 жыл толады. Ол Оңтүстік майданда, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде, Украина мен Беларусьта әскери тапсырмалар орындаған. Соғыстағы ерліктері үшін батыр қыз «Қызыл жұлдыз», «II дәрежелі Отан соғысы» ордендері мен «Кавказды азат еткені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарын иеленіп, әскери атағы аға лейтенант шеніне дейін өскен.

Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Жарлығымен Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді. «Эйр Астана» ұшақтарды Қазақстан мақтан тұтатын әйелдердің есімдерімен атау әуе компаниясының игі дәстүрлерінің біріне айналады деп ойлайды, ондай дәстүрлердің бірі – әуе тасымалдаушысының Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, мүгедектеріне Қазақстан мен ТМД қалаларына тегін әуе билеттерін беру болып отыр.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button