Қоғам

Ұшақ билеттері неге қымбат?

 Ұшақ билеттері неге қымбат?


Халықтың дені әуе тасымалықызметтеріне көп жүгіне бермейді. Оған билет құнының қымбаттығы себеп болса керек.Ал бұл қарапайым халықтың қалтасына айтарлықтай салмақ түсіретіні айдан анық. Білетіндер мұны «билет құнының жоғары болуы бәсекелестіктің жоқтығынан» дейді. Неге? Біз көптен бері көпшіліктің көкейінде жүрген осы сұрақтардың жауабын іздеп көрген едік.

Авиаотын тапшылығы жойылады

 Ұшақ билеттері неге қымбат?

Біздің еліміздегі ұшақ билеттерінің құны өзге мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Энергетика министрлігінің өкілдері осылай дейді. Ал әуе компаниясының қызметкерлері тариф құнының қымбаттығын авиаотын бағасының шарықтауымен түсіндіреді. Бұл өз кезегінде билет бағасының өсуіне ықпалын тигізеді. Бұдан бөлек, тариф бағасына әуежайдың қызмет құны да әсер етеді. Ресми дерек көздеріне сүйенсек, әуежайда алым-салықтың 14 түрі ұсталынады. Түптеп келгенде осының бәрі жолаушылардың қалтасына салмақ салатыны айдан анық. Ал мемлекет баға саясатына араласа алмайды.
Ресми дерек көздеріне сүйенсек, өткен жылы отандық әуе компаниялары 7,8 миллион адамды тасымалдапты. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда жеті пайызға көп. Демек бұл соңғы жылдары елімізде әуе тасымалы қызметіне жүгінетін жолаушылар саны артып келе жатқанынан хабардар етеді.
Айта кетейік, биылдан бастап отандық әуе компанияларына қажетті авиакеросин өз елімізде өндірілмек. Осыған қарап, ішкі нарықты отандық зауыттар толық қамтиды деп айтуға толық негіз бар. Бұл өз кезегінде билет бағасын арзандатуға септігін тигізеді деп күтілуде.

Бүгінде еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының үшеуінде авиаотын шығарылады. Онда өндірілген авиакеросин негізінен әуежайларда сатылады. Аталмыш шикізаттыңбір тоннасы 250 мың теңге тұрады екен. Оны әуе компанияларының дені Алматы әуежайынан сатып алатын көрінеді.

 Ұшақ билеттері неге қымбат?

Лоукостерлік қызметтің пайдасы бар ма?

Лоукостерлік компания өкілдерінен арзан бағамен ұшақ билетін сатып алуға болады. Онда тек сіз орын үшін ғана төлейсіз. Ал егер қосымша жүгіңіз болса, оның ақысын бөлек төлеуге болады. Осының есебінен ішкі рейстердің бағасы екі есе арзандайды.

Алайда бұл компанияның қызметкерлері жолаушылардың таңдауына қарай қосымша қызметтерді ақылы түрде көрсетеді. Тамақтану, жол жүгі, борттағы сізге ұнаған орынға отыру үшін, сондай-ақұшаққа бірінші болып кіру үшін онлайн түрде ақша төлеуге тура келеді. Сол себептен мұны да ескергеніңіз жөн.Таяуда осындай қызмет көрсететін компания бізде де құрылды. Бұл – «Fly Arystan» әуе компаниясы.Оның басшысы Тим Джорданның айтуынша, аталмыш жобаның басты мақсаты – өңірлердегі әуе тасымалдаудың әлеуетін көтеріп, беделін арттыру.

Бүгінде аталмыш әуе компаниясы «Easyjet», «Indigo», «Cebu Pacific», «Air Asia» халықаралық лоукостерлерінің үлгісі бойынша жолаушыларға қызмет көрсетуде. Бұл өз кезегінде өзге компаниялар арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, тариф құнының төмендеуіне септігін тигізуде.

Қазір«Fly Arystan» лоукостер компаниясының еншісінде Airbus A320 ұшағының төртеуі бар. Ондағы эконом класты ұшақтар 180 жолаушыға қызмет көрсетеді. Осы орайда, лоукостер дегеніміз – билетті ең арзан бағамен саудалайтын компания екенін атап өткен орынды. Негізі, көп жағдайда мұндай лоукостерді құруға бюджеттен қаражат бөлінбейді. Сол себептен оған акционерлердің инвестициялар мүлдем тартылмайды.

Айта кетейік, мұндай лоукостерлік компаниялар барлық мемлекетте жұмыс істейді. Көбінесе, аталмыш қызметтерді өзге мемлекеттерге саяхаттауды жақсы көретін туристер пайдаланады екен.

Әуе қатынасы халықаралық ассоциациясының (IATA) мәліметтері бойынша, 2015 жылы әлемде 3,6 миллиард адам ұшақ тасымалына жүгінген. Соның бір миллиардқа жуығы осы «лоукостерлерді» таңдаған екен. Америкалық «Southwest» лоукостері әлемдегі ең табысты 10 әуе компаниясының құрамына кіреді. «Ryanair», «ЕasyJet» секілді компаниялар Еуропа әуе нарығының 41 пайызын иемденген. Тіпті, көрші Қырғызстанда да «Air Manas» деп аталатын арзан бағалы лоукостер қызмет көрсетеді.

Рас, көпшілік қауымның көкейінде отандық лоукостерлердегі билеттердің құны неге арзан деген сұрақ туындауы мүмкін. Ендеше, айтайық.«Үнемділік бірнеше факторға байланысты. Лоукостерлер жанармайды үнемді түрде жұмсайтын жаңа ұшақтарды пайдалануды артық көреді. Бизнес класстың болмауы отыратын орындықтардың санын арттырады. Ұшақтың бір түрін пайдалануы, әлемдік қауіпсіздік стандарттарына сай болу үшін техникалық қызмет көрсетуі және экипаж оқуы бір бағдарлама бойынша өтеді. Билеттерді неғұрлым ерте сатып алсаңыз, бағасы соғұрлым арзанға түсетін болады» деп жазылған екенАзаматық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында.

Арзан бағамен сатып алуға болады

Егер қалтаңызға салмақ түсіргіңіз келмесе, билетті екі-үш ай бұрын сатып алу керек. Бұл сіздің қаражатыңызды едәуір үнемдеуге септігін тигізеді. Бұдан бөлек, әуе компанияларының қызметкерлері аптасына бір рет ұшақ билетін арзан бағаға сатып алуға болатынын атап өтті. Отандық сарапшылар ұсынған ақпарат көздеріне сүйенсек, қаражат үнемдегіңіз келсе, билетті түнгі сағат 00.00-де броньдап қою керек. Өйткені бронь жасалып, сатып алынбаған билет қайта тасымалдаушылардың компьютер жүйесіне бұрынғыдан төмен бағада енгізіледі. Бұдан бөлек, сайттардың және туроператорлардың парақшаларына жазылсаңыз, олар үнемі жеңілдіктер, акциялар туралы ақпараттарды жіберіп отырады. Мысалы, кейде сіздің барғыңыз келген елге күтпеген жерден жеңілдік болуы мүмкін. Егер олардың парақшасына жазылып қойсаңыз, арзан билеттерді сатып алуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ, туроператорлардың және әуе компаниялардың сайтына жазылған жағдайда чартерлерге билет сатып алуға болады. Себебі туроператор ұшақтағы орындарды көтерме бағамен сатып алғандықтан чартерлік рейстер арзан. Чартерлерге билеттер ұшу уақытына аз уақыт қалғанда сатылымға шығады. Сондықтан заттарыңызды жинап, дайын болыңыз.

Егер бару-қайту билеттерін бірден алсаңыз, ақшаңызды үнемдеуге болады. Бұдан бөлек, тағы бір «қулық» бар. Ол – түнде ұшу. Көптеген авиакомпанияларда түнде ұшатын рейстердің бағасы арзанға шығады. Алайда бұл уақытта қоғамдық көлік тоқтап қалатындықтан әуежайдан әрі қарай такси жалдап баратыныңызды есепке алғаныңыз жөн.

Ұшақ билеттерінің бағасы тәулік бойы құбылып тұрады. Күн сайын қандай да бір авиакомпания билеттеріне жеңілдік жариялайды. Солардан хабардар болып отыру үшін онлайн кассалардың арнайы ұсыныстарына жазылып алу да артық етпейді. Мысалы, Aviata.kz, chocotravel.com сайттарынан тиімді бағалар кестесін қарап отыруға болады.Алайда мұның дакемшін тұстары бар: мұндай сайттардың көбі лоукостерлік әуе компанияларының билеттерін көрсетпейді.

– Интернеттің көмегімен арзан бағадағы билеттерді сатып алуға тырысамын. Өйткені бұл қаражатты үнемдеуге септігін тигізеді, – дейді жолаушылардың бірі З.Сәдуақасова.

Ажар Сағатбекова

Осы айдарда

Back to top button