Қоғам

Үш жүз отыз үш шақырым жол жөнделеді

Үш жүз отыз үш шақырым жол жөнделеді

Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ аймақтағы республикалық және жергілікті бюджет есебінен жөнделетін автомобиль жолдарын жөндеуге байланысты кеңес өткізді.
Биыл өңірде барлығы 333 шақырым жолды орташа жөндеуден өткізу жоспарланған.
Республикалық маңыздағы 105 шақырым жол республикалық бюджет есебінен жөндеуден өтеді. Оның ішіндегі маңызды бағыттар – Аягөз қаласынан Ақсуат ауылына дейінгі 78 шақырым, жалпы қашықтығы 30 шақырымды құрайтын Өскемен – Семей тас жолы. Сондай-ақ, Осин асуының асфальт қабаты да жөнделеді.
Ал облыстық және жергілікті маңыздағы ұзындығы 228 шақырымды құрайтын жол жергілікті бюджет есебінен орташа жөндеуден өтпек. Мұның ішінде ең маңыздылары: қашықтығы 80 шақырымды құрайтын Өскемен қаласынан Сібе көлдеріне дейінгі, Серебрянск қаласының кіреберісіне дейінгі жол, Күршім – Қалжыр (16 шақырым), Өскемен – Бобровка (13 шақырым) жол телімдері. Сонымен қатар, Алакөлге апаратын Мақаншы–Жалаңашкөл бағытының 42 шақырымы орташа жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, жалпы қашықтығы 20 шақырымды құрайтын, Бородулиха ауылы мен Шемонаиха қаласының арасындағы ең зақымдалған жол жөнделеді.
Кеңес қорытындысы бойынша аймақ басшысы бір ай ішінде жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесін дайындауды тапсырды. Сонымен қатар, «Облшығысжол» КМК кәсіпорнының басшылығына шұңқыр жолдарды жөндеу көлемін ұлғайтуды міндеттеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button