Экономика

ШҚО ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесі

Нарықтық экономика жағдайында елімізде жеке кәсіпкерлік пен жеке кәсіпкерді дамытуға мүмкіндік беріп отырғаны байқалады. Қазақстан экономикасында мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың өзіндік орны бар. Мемлекеттік сектор кәсіпорны мемлекеттің, яғни министрлік пен ведомствоның тікелей басшылығында.

Мемлекет экономикасын тиімді дамыту үшін бюджеттік кредиттер бөлінеді, бюджеттік субсидиялар мен трансферттер беріледі, әртүрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін көптеген бағдарламалар әзірленеді, соның ішінде өңірлерді дамыту бағдарламасы. Сондықтан бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді басқару, оларды пайдалану жөніндегі толық ақпаратсыз мүмкін емес. Бұл – ақпаратты игеру, бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттеу, бюджет қаражатын құру және пайдалану, бюджет жүйесінің принциптерін сақтау, оның жұмыс істеу механизмдерін жетілдіру, мемлекет активтерін тиімді басқару бойыншаоңтайлы басқарушылық шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Кез келген қоғамда ондай институт қажет, ол мемлекет қаражатын басқарудың қолданыстағы жүйесіне объективті баға береді және оның одан әрі тиімді жұмыс істеуі бойынша бағытты анықтайды. Мемлекеттік басқару органдары үшін ондай ақпарат көзі – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесі. Аудиттің жұмысы қаржылық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жол бермеу.

Мемлекеттік аудит тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген, бюджеттік қаражатты, мемлекет активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекетің кепілдігімен, оның ішінде бюджетті атқаруға байланысты басқа қызметпен тартылатын қарыздарды басқару және пайдалану тиімділігін талдайды, бағалайды және тексереді.

Мемлекеттік аудит қандай да бір сәйкессіздіктерді жай баяндап қана қоймай, мемлекеттік қаржы ресурстарын үлкен қайтарыммен, тиімділікпен басқару, пайдалану резервтері мен әлеуетін анықтауы тиіс.Мемлекеттік аудит мемлекеттік органдар және ұйымдардың қаржы ресурстарын басқару бойынша қызметінің сапасын бағалауға, мемлекеттік қаражат пен активтерді пайдалану және басқару тиімділігін арттыру үшін ұсынымдарды уақтылы әзірлеуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік аудит:

1) қаржы тәртібін жақсартуға, қоғам мүддесі үшін мемлекет активтері мен мемлекеттің қаржы ресурстарын тиімді басқару тиімділігі мен ашықтығын арттыруға;

2) ұлттық заңнама мен аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес сапалы бақылау жүргізу арқылы мемлекеттің экономикалық әлеуетін одан әрі арттыруға ықпал етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта елімізде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесі жергілікті деңгейде тексеру комиссияларымен, Есеп комитетімен және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен ұсынылады.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасында ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерімыналарды жүзеге асырады:

-қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалау;

-сәйкестік аудиті – мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін сақтауын бағалау, тексеру.

Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның қызметі келесі заңнамалық актілермен реттеледі: ҚР Конституциясы, ҚР 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңы, ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, ҚР Бюджет кодексі, ҚР 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы, ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы №392 «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидасын бекіту туралы» бұйрығы және басқалар.

ҚР «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес,мемлекеттік аудиттің негізгі бағыттары экономикалық саясатты табысты іске асыруға, елдің, өңірлердің, салалардың, қызмет салаларының өндірістік мүмкіндігін тиімді пайдалануға ықпал ету және де мемлекеттік қаржылық бақылау ретінде аудит барысында анықталған бұзушылықтар бойынша ден қою шараларын қабылдауға бағытталуы тиіс, яғни әкімшілік іс қозғау, залалды қалпына келтіруге шаралар қабылдау, тәртіптік жауапкершілікке тарту, процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдарды құқық қорғау органдарына тапсыру және т.б.

Осылайша, мемлекеттік қаржылық бақылау мемлекеттің қаржы саясатын іске асыруға, қаржы тұрақтылығы үшін жағдай жасауға бағытталған. Бұл, бәрінен бұрын, барлық деңгейдегі бюджеттерді әзірлеу, бекіту және атқару, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, квазимемлекеттік сектордың қаржы қызметін бақылау. Мемлекет тарапынан экономиканың мемлекеттік емес саласынқаржылық бақылау салықтар мен басқа төлемдерді қоса алғанда, мемлекет алдындағы ақшалай міндеттемелерін орындау, бөлінген немесе бюджет субсидиялары мен кредиттерді шығыстау кезінде заңдылық пен мақсаттылықты сақтау, сондай-ақ есеп және есептілікті жүргізу, ақшалай есеп айырысуды ұйымдастыру қағидаларын сақтау саласын ғана қозғайды.

Шығыс Қазақсан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметінің кейбір қорытындыларын қарастырсақ.

 

Атауы Жылдар
2017 2018 2019 жылдың                 10 айына
Жүргізілген аудиторлық                          іс-шаралардың жалпы саны 375 241 253
соның ішінде, жоспардан тыс                  іс-шаралар 375 241 208
Аудитпен қамтылған сома

(млн. теңге)

126 916,71 92 757,8 41051,8
Есепті кезеңге анықталған заңнама бұзушылықтарының жалпы сомасы (млн. теңге) 28 429,15 40 781,4 30579,6
Оның ішінде:

– қаржылық бұзушылықтар сомасы

(млн. теңге)

 

728,3

 

1 403, 1

 

14106,7

Сәйкес келтіруге, есеп бойынша көрсетуге, қайтаруға, қалпына келтіруге жататын жалпы сома (млн. теңге) 728,3 303,2 14110,02
Есеп бойынша көрсетілген, қайтарылған, қалпына келтірілген жалпы сома (млн. теңге)  

443,8

 

 

236,8

 

 

13000,0

 

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар саны 80 41 103
Есепті кезеңде салынып, өз еркімен төлеу мерзімі келгенайыппұлдардың жалпы сомасы (млн. теңге) 43,88 15,97 27,65
Есепті кезеңде салынып, бюджет кірісіне қайтарылған әкімшілік айыппұлдар сомасы  (млн. теңге) 12,4 15,22 25,05
Аудит объектілерінің тәртіптік жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғаларының саны 254 138 148
Сотқа берілген талап-арыздардың жалпы саны 27 11 11

Жоспардан тыс аудиторлық іс-шаралар:

–    ҚР ҚМ ІМАК хаттары бойынша;

– анықталған бұзушылық фактілерін тексерулер бөлігінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері деректерінің мониторингі нәтижелері бойынша;

–  жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша (соның ішінде ІМАК және құқық қорғау органдары жіберген);

– құқық қорғау органдарының сұранысы бойынша;

– басқа жағдайларда (ШҚО прокуратурасының заң бұзушылықтарын жою туралы ұсынымы) жүргізіледі.

Тексерулердің басым көпшілігі жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Анықталған қаржылық бұзушылықтар саны жылдан-жылға өсуде.

Аудит объектілерімен жиі жол берілетін бұзушылықтар:

– бухгалтерлік есеп бойынша операциялар мен жағдайларды дұрыс көрсетпеу;

– орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актілеріне орындалмаған/жүргізілмеген көлемдерді енгізу;

– алынған кредиттер бойынша ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді көрсетпеу;

– ведомстволық – мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталын толтыруға берілген негізгі құралдарды есептен шығару;

– мердігерлер алдындағы берешектердіесепке алу бойынша көрсетпеу;

– қаржы операциясын жүргізуге жауапты тұлғалармен жеке карт-шотқа нақты жұмысқа шығуы мен аударымдарды есепке алусыз негізсіз аудару;

– біліктілік талаптарына жауап бермейтін (материалдар мен еңбек ресурстары) өнім берушілерді негізсіз жіберу және т.б.;

– конкурстық өтінімдерді конкурсқа қатысуға негізсіз қабылдамау, конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететін критерийлер мөлшерін дұрыс есептемеу;

– заңнамада көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу;

– мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзып өткізу, тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды негізсіз жүргізу және т.б.

Аудитпен анықталған бұзушылықтардың негізгі себебі аудандағы бөлім басшыларының тарапынан тиісті бақылаудың болмауы және жұмыстардың тиісінше ұйымдастырылмауы, бухгалтерлік есептіңавтоматтандырылған жүйесіне көшпеуі, аудит объектілеріндегі бухгалтерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігі, кадрлардың тұрақсыздығы, ішкі бақылау жүйесінің нашарлауы, қызметкерлердің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамауы.

Бухгалтерлік есепті жүргізуден жалтарғаны үшін және бұзушылықтар үшін, қаржылық есептілікті бұрмалағаны үшін аудит объектілерінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың атына алдағы уақытта Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзуға жол бермеу және бұзушылықтардыжою туралы ұсыныспен анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама жіберілді.

Алдағы уақытта бұзушылықтарға жол бермеу және мекемелердің қаржы (бухгалтерлік) қызметтерінің жұмысын жақсарту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті бухгалтерлердің, экономистердің, қаржы блогына жетекшілік ететін әкімдер орынбасарларының біліктілігін арттыру үшін оқытулар өткізуді ұсынады.

Және де мемлекеттік аудитор ҚР «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес аудит жүргізу сапасына, бақылау мерзімдеріне жауаптылықта болады, үнемі нормативтік-құқықтық базаларды зерделейді, өз біліктілік деңгейін арттырады.

Сонымен, жоғарыда келтірілген материал анықталатын қаржылық бұзушылықтардың кең спектрін көрсетеді, онда аудиторлардың жауапты да тыңғылықты еңбектері бар.

«ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан

облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ

Осы айдарда

Back to top button