Қоғам
Үш боксшымыз жарысты сәтті бастады

Үш боксшымыз Рио олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізді.


Ең әуелі шаршы алаңға шыққан 49 келідегі Біржан Жақыпов намибиялық Матиас Хамуниеламен жұдырықтасып, қарсыласын 3:0 есебімен ұтты. Жақыпов келесі жекпе-жегін өзбек Хасанбой Дусматовпен өткізеді.


75 келідегі Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық Энтони Фоулерді айқын басымдықпен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.


Тіпті, бірер мәрте есеңгіретіп те алды.

Жәнібектің жеңісті жолын 91 келідегі Василий Левит жалғастырды.


Қостанайлық алып қытай Фенгкай Юді әбден соққының астына алып, 3-інші раундқа жеткізбей, жеңіске ерте қол жеткізді.

Назарларыңызға үш боксшының жекпе-жектерінің фоторепортажын ұсынамыз.
(Суреттер \”Қазспорт\” телеарнасының сайтынан алынды)
Шығыс-Ақпарат