ТОПШаһар шаруашылығы
Сәтпаев даңғылында айналма жол болмайды – Өскемен
Өскемендегі көлік ағыны ең көп қиылыстардың бірінің жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Сәтпаев, Жібек жолы және Базовая көшелерін қосатын жол торабындағы қозғалыс бағдаршам арқылы реттеледі, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Биыл қала билігінің жоспарына сәйкес, Сәтпаев, Жібек жолы және Базовая көшелерінің қиылысның ретке келтіру енгізілген болатын. Бұған қоса қиылысқа И. Есенберлин көшесінен келетін жаңа жол қосылмақ. Осыған дейін ел арасында бұл қиылыста айналма жол түседі деген ақпарат тараған еді. Алайда, жол құрылысының барысына қарап, мұнда айналма жолдың болмайтынын анық аңғарамыз. Оны қалалық әкімдік те растады. Аталмыш жолдағы қозғалыс бағдаршам көмегімен реттелмек.
Ынтымақ Толқын