Қоғам

Серікжан соқа-сайманды қолдан құрастырып жүр

Серікжан соқа-сайманды қолдан құрастырып жүр


Әр ауылда темірден түйін түйген, алтын қолды азаматтар баршылық. Солардың бірі – қарақолдық Серікжан (Секетай) Базаров.
Үйдегі он ұлдың екіншісі Секетай жастайынан техникаєа әуес болып өсті. Бүгінде жасы сексенге таяєан әкесі Оңдабай ақсақал саналы єұмырын осы техникаєа арнаєан жан.
Секетай да әке жанынан бір елі қалмай жүріп, оның қыры мен сырын өзінің санасына сіңіре берді. Қазір ол тракторына жүк тиегіш КУН, соқа, тұқымсепкіш секілді ауылды жерде қымбат және қат бөлшектерді өз қолымен жасайды. Ауылдастарының да тапсырыстарын абыроймен орындап жүрген жігіт аєасы осылайша ел мақтанышына айналып отыр.

Жалпы, кейіпкеріміз ақкөңіл азамат. Қолы шебер жігіт кісі көңілі қалсын демейді. Қашан көрсең де көрші-қолаңы мен аєайын-туыс, жерлестеріне көмек қолын созып жүргені. Сондықтан да оның елдегі абыройы үнемі аспандап тұрады. Осы өңірге танымал Оңдабай аєа мен Рәзия шешеміздің перзенттерінің барлыєы да қазір өмірден өз орындарын тапқан жандар. Он ұлдан немере-шөбере көріп отырєан қарттарды Серікжан мен жолдасы Айнұрдың қазір алақанына салєандай әлпештеп отыр. «Әке көрген оқ жонар..» деген. Соқа-сайманы мен тырмасын, тіркемесі мен тиегішін қолдан құрастырып жүрген Серікжан Базаров қазір көктемгі егіске қызу әзірленуде. Оның әке шеберханасындаєы жұмысы таңалакеуімнен ымырт үйірілгенше бір толастамайды.

-Серікжан аєа ауылдаєы қолынан іс келер азаматтарымыздың бірегейі десем болады. Ол кісі өзі автодәнекерлеуші, өзі токарь, техниканың моторын да өзі жөндей береді. Сондықтан да Секе-аєамыздың шеберханасы босай қоймайды. Ал көктем сайын қолы сәл қалт етсе, ауыл тұрєындарының үйлерінің жанындаєы жер телімдерін өзінің Т-40 тракторымен жыртып жүргені. Жазда өзі қолдан құрап алєан шөп орєыш агрегатымен шөп шауып, күзде соны жинасып жүргені, – дейді Қарақол ауылдық округінің әкімі Марат Мұсабаев.

Берікхан Тайжігіт
Аягөз ауданы.

Осы айдарда

Back to top button