Қоғам

«Сержанттар күніне» орай сайыс өтті

Берікхан Тайжігіт

Ауданда «Сержанттар күніне» орай шағын футболдан жарыс өтті. Әскери бөлімдер арасында өткен сайыста жергілікті гарнизон бастығының кубогы сарапқа салынды.

Доп додасына барлығы 11 команда қатысып, тартымды ойын өрнегін көрсете білді. Финалда бағы мен баптары келісіп, шеберліктерін дәлелдеген 10810 әскери бөлімі артиллериялық әскери бөлім командасынан басым түсіп, бас жүлдеге ие болды. Ал жүлделі үшінші орынды 97616 әскери бөлімінің командасы жеңіп алды.

Іс-шара ұйымдастырушылары ұшқырлық пен шеберліктерін көрсете білген жекелеген футболшы жігіттерді де жүлдесіз қалдырмапты. Мәселен, аға сержант Бақытжан Еркінов «Үздік қақпашы» атанса, «Үздік қорғаушы» номинациясын қатардағы жауынгер Әліби Әділбеков жеңіп алды. Аягөз гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қарсылас қақпасының торын сан мәрте бүлкілдеткен капитан Сәрсенбек Сыпабеков «Үздік шабуылшы» атанды. Сондай-ақ сержант Аян Мұқаш сайыстың «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды. Барлық жүлдегер мен үздік ойыншылар арнайы сый-сияпаттармен марапатталды.

Осы айдарда

Back to top button