Қоғам

«Сергектің» «тұзағына» түскендер көп

Өскеменде «Сергектің» көмегімен жылдамдықты шектен тыс асырған 1889 тұрғын анықталды. Сөйтіп, автокөлік жүргізушілеріне 28 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығындағы «Сергек» камералары ағымдағы жылдың шілде айының орта шенінде ғана іске қосылды. Бұл «Ақылды қала» жобасы аясында жүзеге асырылды.

– Өскеменде «Сергектің» 3928 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның 1700-і құқықбұзушылық фактілері жиі орын алатын аумақтардың маңында  тұр, – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ернар Мұстафин.

Бүгіндесергектің«тұзағына» түскен өскемендіктердің 834-і ғана айыппұл төлепті. Ал қалғандары әлі асығар емес. Жауапты сала мамандарының айтуынша, бұл камераға түскен кадрларды өшіру мүмкін емес. Барлығы автоматты түрде бірден еліміздің Бас прокуратурасының «Әкімшілікқұқықбұзушылықтың бірыңғай тізілімі» атты ақпараттық жүйесіне түседі.

– Жол-патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы камераларды бақылап, ережені бұзған автокөлік жүргізушілеріне тиісті шаралар қолданып отыр, – дейді шенеуніктер.

Ажар Сағатбекова

Осы айдарда

Back to top button