Қоғам

Серебрянкадағы зауытқа қосымша қаржы бөлінеді

Алпауыт өндіріс орындары Серебрянка бейорганикалық өндірістер зауытын қолдауға дайын. Аталмыш кәсіпорынды қалпына келтіру мәселесі бойынша кезекті кеңес өткізген аймақ басшысы Даниал Ахметов осылай деді.

– Қазірдің өзінде жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Атап айтқанда, 1500 жабдықтың 1150-і жұмысқа жарамды болып шықты, зауытты іске қосу үшін тек шатырды жөндеу қажет. Бұл үшін біз облыстық мәслихаттың маусым айындағы сессиясында қаржы бөлеміз, – деді облыс әкімі.

Зауыт бұйымдарын жеткізуге 25 кәсіпорынмен шарттар жасалды. Өнімнің жеті түрі біздегі ірі өндірістік компаниялардың талаптарына сай келеді және қазір олардың ұзақмерзімді қолдауына жүгіну өте маңызды. Өнеркәсіптік алыптар отандық өндіруші ретінде зауытты қолдауға дайын.

– Біз облыс пен Қазақстанның тұтыну нарығын қосымша зерттейміз. Сондай-ақ зауыттың дамуына қаражат салуға әзір инвесторларды тартамыз, – деді аймақ басшысы.

 Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button