Қоғам

Семейліктер олжалы оралды

Семейліктер олжалы оралды


Семейлік жас жекпе-жек шеберлері Астанадан қоржындарын толтырып қайтты.

Астана қаласында өткен грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы Оқушылар сарайының кубогына және еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Валерий Лукьяновтің құрметіне арналған республикалық турнирде Семейдегі №1 облыстық балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің спортшылары бірқатар жүлделі орынды иеленді.

Атап айтқанда, Елдос Камелов (42 кг) пен Əмір Темірғали (59 кг) бірінші орыннан көрінсе, Забит Абибов (35 кг), Оңдасын Хамитов (38 кг), Мадияр Амантаев (47 кг) пен Нұрдәулет Әлімғазиев (73 кг) екінші орынға тұрақтады. Ал Дәулет Асан (32 кг) мен Әнуар Макремов (+85 кг) өз салмақ дәрежелерінде үшінші орын алды.

Раушан Нұғманбекова
Семей.

Осы айдарда

Back to top button