Қоғам

Семейліктер дабыл қағып жатыр

Әлеуметтік желіге кіріп, жергілікті пабликтардың кез келгенін қарасаңыз бәрінде бір ғана мәселе айтылады. Ол – ескі көпірдің жағдайы. Қолданысқа берілгеніне жарты ғасырдан асқан көпірдің жағдайы адам шошырлық әрі өте қауіпті.

– Көпір апаттық жағдайда тұр. Тұрғындардың жүруіне қауіпті. Қала басшылығы мұны неге түсінбейді? Шұңқырларын ғана жамайтын жөндеу жұмыстары бұл көпірге келмейді, – дейді тұрғын Саят Бикенов.


Жуықта қауіпті көпірге қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов барып, жағдайды көзбен қайтты.

– Алдағы 1-2 мамырда Ертіс өзенінен өтетін автокөлік көпірі жөндеуге жабылады. Қазіргі таңда көпірді қайта жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Болашақта ескі көпірдің жанынан төрт жолақты жаңа көпір салуды жоспарлап отырмыз, тиісті құжаттар қаралып жатыр, – деді қала басшысы.

Алайда тұрғындар тозығы жеткен көпірді жамап-жасқағаннан ештеңе өзгермейтінін айтады. Әкімнің желідегі жазбасына қатысты көпшілік жұрт «Жылда жабады осы көпірді, былтыр бір жұмаға жапты, еш нәтиже жоқ», «Басқа көпір салатын уақыт болды» деген мазмұндағы пікірлерін жазып жатты.

Балауса Қожаева

Осы айдарда

Back to top button