Семейлік ардагерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтады
Жеңіс мерекесі қарсаңында өңір басшысы Даниал Ахметов Семей қаласына жұмыс сапары барысында Ұлы Отан соғысы және тыл ардегерлерінің үйлеріне барып мерекелерімен құттықтады.
Облыс әкімі Семей қаласында бірінші Рашида Хасанованы құттықтады. Рашида Ашрафовна 1932 жылы 14 наурызда дүниеге келген. Сегізінші сыныпты аяқтап, кітапханашы болып жұмыс істеген.
Екіжылдық мұғалімдер институтын аяқтағаннан кейін ол сол уақыттағы Жаңасемей ауданының Бұлақ ауылына жолданған. Содан кейін педагогикалық институттың физика-математика факультетіне оқуға қабылданған. Институтты аяқтаған соң Түрксіб мектебіне оқу ісі меңгерушісі лауазымына жолданды. Сегізжылдық мектепте директор лауазымында жұмыс атқарды. 1973 – 1988 жылдары, құрмет демалысына шыққанға дейін, Рашида Ашрафовна мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтын басқарды. «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбек ардагері», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, облыс және қала әкімдерінің грамоталарымен, «КСРО және ҚазКСР Білім беру ісінің үздігі», «Ұлы Отан соғысының ардагері» төсбелгілерімен марапатталған.
Келесі 97 жастағы соғыс ардагері Матвей Юрченко өңір басшысына өзінің жауынгерлік жолын айтып берді.
Матвей Юрченко 1925 жылы 20 тамызда дүниеге келген. 1943 жылдың 8 наурызында Красноярск өлкесінің Минусинский аудандық әскери комиссариаты арқылы әскер қатарына шақырылған. 1943-1945 жылдары 229 атқыштар полкі қатарында Екінші Украина майданында шайқасқан. Жауынгерлігі ерлігі үшін ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
Даниал Ахметов Жеңіс күнімен 96 жастағы соғыс ардагері Асқар Рахымбаевты құттықтады. 1941 жылы Асқар Рахымбаев Ақсуат аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге шақыртылған. 378 әскери бөлімнің қатарында Шығыс майданында шайқасқан. Румынияны, Брашева және Мишельді фашистік германиядан азат етуге қатысқан.
Майдангер жауынгерлік ерлігі үшін «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Мінсіз еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Ардагердің 10 бала, 27 немере, 43 шөбере, 2 шөпшегі бар.
Облыс басшысы бұл күні Семейдегі соғыс ардагерлерін және тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Сонымен қатар бір жарым миллион теңгенің сертификатын, тұрмыстық техника және азық-түлік себетін табыстады.
Флора Левина, Семей