Руханият

Семейге Олжас Сүлейменов келді

  Семейге Олжас Сүлейменов келді


«Невада-Семей» антиядролық қозғалысының жетекшісі, ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Семей қаласына Шәкәрім атындағы мемлекеттік униерситеттің шақыруымен келді. Олжас Сүлейменов ең алдымен Шәкәрім ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Содан кейін осы оқу орнында ашылған Олжас Сүлейменов атындағы орталықтың тұсаукесер рәсіміне қатысты.

Университет ректоры Мейір Ескендіровтің айтуынша, Олжас Сүлейменов атындағы орталықта жастар ақынның тұлғасымен жақын танысып, оның шығармаларын оқи алады. Биыл «Невада-Семей» қозғалысына 30 жыл толып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи Жарлығымен, «Невада-Семей» қозғалысының қажырлы еңбегінің нәтижесінде Семей полигоны мәңгілік өшті. Олжас Сүлейменов Бейбітшілік аралында «Адамға табын, Жер енді!» деп аталатын астарға арналған тәрбие сағатын өткізді.

Олжас Сүлейменовпен бірге келген Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов Шәкәрім университетінің студенттеріне естеліктер айтып, қоғам қайраткері туралы ойларымен бөлісті.

-Сіздердің әкелеріңіз бен аталарыңыз ядролық қаруға қарсы күресті, оны тоқтатты,-деді Олжас Сүлейменов,-Семейдің аты әлемге танылды. Хиросима, Нагасаки қалалары Семей өңірінің қайғысы өздеріне ортақ екенін түсінді. Сендер өз қалаларыңды құрметтеп, оны дамытуға күш салыңдар.

Олжас Сүлейменов Семей қаласының көшелерін аралап көргенін, осыдан 30 жыл бұрынғы Семеймен салыстырғанын айтты. Қаланы дамыту жастардың қолында, себебі, бұл Ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтардың жері, деді Олжас Сүлейменов.

Раушан Нұғманбекова

Семей.

Осы айдарда

Back to top button