Қоғам

Семейге қатысты әңгімеге нүкте қойды

Семейге қатысты әңгімеге нүкте қойды


Облыс әкімі Даниал Ахметов Семей қаласының жеке облыс болатындығына қатысты әңгімеге нүкте қойды.

– Бұл әрине, жай сөз, жалпы айтқан сөз. Меніңше, интернеттегі қысқа ғана хабарламаны жиі әсірелеп айтуға тырысамыз. Атап айтқанда, бірнеше ақсақал Семей өңірін қайта жеке облыс ету туралы өтініш білдірді. Бірақ, олай етудің ешқандай экономикалық тиімділігі жоқ, – деді Даниал Ахметов.
Облыс әкімі сонымен бірге, Семей шаһарында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Президенттің тапсырмасымен Семейді ауқымды абаттандырып жатырмыз. Биыл қаладағы 25 шақырым жолға жөндеу жүргіздік. Келесі жылдан бастап Семейде жазда ыстық суға қатысты түйіткіл болмайтынына кепілдік беремін. Біз экономикалық тиімділік және түсімдік база дегеннің бар екенін түсінуіміз керек. Бірақ Семейді көркейту жолын қарастырып жатырмыз. Оны бүкіл Семей халқы біледі. Бұл тек ыстық судың мәселесі ғана емес, қаланың әуежайын да жөндеп жатырмыз. Облыс орталығының әуежайында ондай жұмыстар атқарылып жатқан жоқ. Сондықтан, бізге шынайы өлшемдерге көшкен дұрыс секілді, – деп түйді Ахметов.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button