Қоғам

Семейге 500-ден астам спортшы жиналды

Семейге 500-ден астам спортшы жиналды


Семейде таэквондодан 14-15 жастағы ұлдар мен қыздар арасындағы ел чемпионаты және ITF-тің «Семей кубогы» атты халықаралық турнирі басталды.

Бұл Семей жерінде ұйымдастырылған осымен 19-шы халықаралық жарыс екенін айта кеткен абзал. Ал ел біріншілігі жыл сайын өтіп тұрады.

Республикалық чемпионатқа еліміздің 14 облысынан, сондай-ақ Астана, Алматы қалаларынан келген спортшылар қатысуда.

Ал халықаралық турнирде жарыс қожайындарынан бөлек, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан мен Ресейдің жас таэквондошылары бақ сынауда. Жалпы алғанда қос додаға 500-ден астам спортшы қатысуда. Бұл жарыстарда жақсы нәтиже көрсеткен таэквондошылар Өзбекстанда өтетін халықаралық турнирге жолдама алатын болады.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button