Қоғам

Семейде миллионер болу үшін не істеу керек?

Қазіргі қоғамда әлеуметтік желінің алар орны зор. Желі арқылы отбасын асырап, баласының еміне қаражат жинағандар қаншама. Иә, интернеттің қоғамға пайдасы айтарлықтай тиіп жатыр. Тіпті жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселелер де осы желіде жарияланып, нәтижелі істер атқарылып жатыр. Мәселен күні кеше Семейге белгілі блогер келді. Келді де мына бір бейнероликті өз парақшасына жүктеді.

 

– Семей халқы қонақжай, қарапайым, түзу ойлы болғанымен жолдары қисық-мисық. Мәселен менің артымда тұрған еліміздегі ең үлкен көпір. Бірақ жолы, айтуға ұят енді. Семей халқының айтуынша көктемде қармен бірге асфальт ериді екен. Егер сіздер бизнес бастағыларыңыз келсе, Семейден СТО ашсаңыздар миллионер болып кетесіздер, – дейді Әділет Маханбетжанов.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірер күн бұрын қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов қалалық мәслихаттың VI сессиясында қала жолдарын жөндеуге 637 миллион теңге бөлінгенін және алдағы уақытта 1 миллиард теңгенің бөлінуі мүмкін екенін жазған болатын. Қаражат бөлінсе, лайықты игерілсе ел-жұртқа Шығыстың рухани ортасы мазақ болмайды деген сенімдеміз.

Балауса ҚОЖАЕВА

Осы айдарда

Back to top button