Қоғам

Семейден Үлбіге жол тартты

Биыл еліміздің Қарулы күштері өзінің 20 жылдығын тойлайтыны белгілі. Осы мерейтой құрметіне Қорғаныс министрлігі бүкіл елді аралап, азаттықтың 20 жылында қол жеткен жетістіктерді насихаттайтын үгіт пойызын аттандырды.

Семейден Үлбіге жол тарттыҮгіт бригадасының құрамына Қарулы күштердің барлық түрінен ең үздік деген жауынгерлер еніпті. Жуықта үгітшілер Семейге келіп, қалалық Офицерлер үйінде жергілікті әскери гарнизон өкілдерімен, ардагерлермен және жастармен кездесу өткізді.

– Бұл кездесулерге, әсіресе, жастарды тартуға тырысамыз. Ел армиясының тарихын білу – олар үшін өте маңызды. 25 күн ішінде еліміздің 12 гарнизонын басып өтеміз, – дейді үгіт пойызының жетекшісі, республика Әскери-Теңіз күштері қолбасшысының орынбасары Амангелді Ибраев.

Әскерилер тарапынан тұңғыш ұйымдастырылып отырған акцияның үгіт пойызы бүгінге дейін жеті қаланы аралап үлгеріпті. Ол Семейден кейін Өскемен арқылы Аягөз, Сарыөзек, Қапшағай бағытына жол тартпақ. Ал 20-сәуірде Алматыға оралып, Қазақстан армиясының мерейтойына арналған мерекелік шараға қатысады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button