Қоғам

Семейдегі көпірдің астынан ер адамның мәйіті табылды

Семейдегі аспалы көпірдің астынан белгісіз ер адамның мәйіт табылды. Тәртіп сақшылары мәйітті 13 мамыр күні тапқан.

Құқық қорғау органдары берген мәлімет бойынша, марқұм 10 сәуір күні із-түссіз жоғалып кеткен 22 жастағы қала тұрғыны. Тексеру барысында ер адам өз-өзіне қол жұмсағаны анықталды.

– Семей қалалық ПБ Затон полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодекстің 105 – бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Балауса Мэлс

Осы айдарда

Back to top button