Қоғам

Семейде халықаралық конференция өтеді

Биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы” Жарлығына қол қойғанына 30 жыл. Тарихи күнді асыға күткен жерлестеріміз көп. Жерімізде бес жүзге жуық ядролық жарылыс жасалды. Олардың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе асып түсті.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған брифинг барысында ШҚО әкімінің орынбасары Азамат Мухамедчинов Семейдегі Тұңғыш Президент кітапханасында “Іргелі шешімдер уақыты” атты көрме ұсынылатынын айтты. Бейбітшілік аралында “Өлімнен де күшті” монументіне гүл шоқтары қойылып, дәстүрлі халықаралық “Бейбітшілік” акциясы өтеді. Сондай-ақ “Экология. Радиация. Денсаулық” атты халықаралық конференция жоспарлануда.

Айта кетейік, Курчатов қаласында да бірқатар іс-шара өтеді. Мәселен, Ұлттық ядролық орталық пен АҚШ ғалымдарының қатысуымен полигон жылдарына арналған стела ашу жоспарлануда.

7-9 қыркүйекте Ұлттық ядролық орталықта “Семей ядролық полигоны: ғылыми-техникалық әлеует мұрасы және даму келешегі” атты халықаралық конференция өтеді. Қазірдің өзінде 19 мемлекет конференцияға қатысуға ниетте екендерін жеткізген.

 

Осы айдарда

Back to top button