Семейде үш лагерь жұмыс істейді

Семейде оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстары жалғасуда. Егер аймақтағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталса және санитарлық дәрігердің рұқсаты болса, қала сыртындағы лагерьлер тек 50% толтырылуымен жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан балалардың демалысын ұйымдастыру жоспарлануда. Мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы әлі де белгісіз. Дегенмен олар мектеп оқушыларымен онлайн және офлайн форматта кездесуге дайындалуда.
– Өткен жылы мектеп жанындағы лагерьлер алғаш рет онлайн форматта жұмыс істеді. Олардың мектепте өзінің сайты, бағдарламасы бар. Онлайн лагерьді өткізуде ерекше қиындықтар болған жоқ, өйткені балалар қашықтан білім алуға бейімделіп алды. Сондықтан биыл да қиындықтар болмайды деп ойлаймын. Әзірге эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын күтеміз, – дейді қалалық білім бөлімінің әдіскері Сәуле Дүйсембекова.
Бүгінгі таңда Семейде үш лагерь жұмыс істейді. Олардың екеуі, яғни «Радуга» және «Жас қанат» білім бөліміне қарайды.
Флора Левина