Қоғам

Семейде «Сергек» бейнебақылау камералары орнатыла ма?

«Сергек» камералары өзінің тиімділігін көрсетті. Былтыр Өскеменде бұл камералардың көмегімен 7 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 144 қылмыстық іс ашылды.

Онлайн режимде өтіп жатқан халық алдындағы есептік кездесуінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов семейлік Ботабек Бейбітұлының «Сергек» камералары Семей қаласында орнатыла ма?» деген сұрағына жауап берді.

– «Сергек» бейнебақылау жүйесі Өскемен қаласында өзінің тиімділігін көрсетті. Нақты мысал келтірсек, былтыр облыс орталығында осы жүйенің көмегімен 7 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 144 қылмыстық іс ашылды. Қылмыс жасау қоғамдық орындарды 34 пайызға, қала көшелерінде 35 пайызға, жол-көлік оқиғалары 36 пайызға төмендеді. Міне, осындай жағымды көрсеткіштер бар. Сондықтан бұл жобаны биыл Семейде де іске асырамыз. Қалада барлығы 1300 бейнекамера орнатылады. Оған шамамен 4 млрд-тан астам теңге қаржы қарастырылған, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button