Қоғам

Семейде референдум барысын 500-ден астам байқаушы бақылауда

Таңғы жетіден бастап ауа райына қарамастан тек бір ғана учаскеде 200-ге жуық адам дауыс берді. 

Семейде референдумның барысын 500-ден астам тіркелген бақылаушы бақылап жатыр. Дауыс берушілердің арасында қарт адамдар да, жастар да бар.

– Учаскеде 1864 адам тіркелген. Таңертең 200-ге жуық адам дауыс берді. Халық белсенді, – дейді сайлау комиссиясының хатшысы Динара Сүлейменова.

Дауыс бергендер референдумның маңызын атап өтуде.

– Бүгін дауыс беруге ерте келдім, бұл – әр қазақстандықтың парызы. Ел болашағы үшін, балаларымыз үшін келдім, – дейді семейлік Бағлан Темірбекова.

Семей ақпараттық орталығының мәліметі бойынша, қалада 149 учаске жұмыс істеуде, оның 19-ы – жабық. Қаланың 228372 тұрғыны дауыс беру құқығына ие.

 

Осы айдарда

Back to top button