Қоғам

Семейде жерүсті өткелі салынады

Семейдегі жаңа мешіттің солтүстік жағынан жерүсті өткелі салынбақ. Бұл жөнінде әлеуметтік желідегі парақшасында қала әкімі Бақытжан Байахметов жазды.

– Жаңа мешіт аумағын абаттандыру жұмыстарын тексердім. Бұл жерде суару жүйесін ретке келтіру, жарамсыз төсемдерді ауыстыру және жекелеген учаскелерде көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру қажет, – дейді қала әкімі.

Сонымен қатар шаһар басшысы биыл мешіттің солтүстік жағынан жерүсті өткелін салу жоспарланып отырғанын да жеткізді.

– Бұл – өте өзекті мәселе. Қала тұрғындары аталмыш проблема жөнінде әлеуметтік желілерде жиі жазады. Мұндағы ең бастысы жайт – адамдардың қауіпсіздігі, – дейді Бақытжан Байахметов.

Белгілі болғандай, қазір аталмыш жобаға қатысты конкурстық рәсімдер өткізіліп жатыр екен. Техникалық және авторлық қадағалау компаниялары да анықталыпты. Енді тамыз айының басында мердігердің аты да белгілі болмақ.

 

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button