Қоғам

Семейде бір аптаның ішінде 215 адамға вакцина салынады

Осыдан бірер күн бұрын ШҚО-ға 1300 «Спутник V» вакцинасы әкелінген болатын. Осыған байланысты жаппай вакцинациялау басталып кетті. Мәселен Семейге барлығы 650 доза вакцина келіп түскен. Бір апта ішінде 215 адамға екпе салу жоспарлануда. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі жазды.

Шаһардағы перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімі қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды.

– «Пандемия тез аяқталып, қалыпты өмір салтына тезірек оралу үшін вакцина салдыруымыз қажет. Вирусқа қарсы вакцинацияланған адам басқаларға қауіп төндірмейді. Сондықтан жерлестерімді вакцина алуға шақырамын», – дейді орталық қызметкері Іңкәр Шохатова.

Екі компонентті вакцинаның бірінші дозасын алғаннан кейін, 21 күннен кейін екіншісін салдыру керек. Егер алдағы үш аптада созылмалы аурулар өршіп кетпесе және денсаулық жағдайы нашарламаса, онда вакцинацияның екінші кезеңіне өтсе болады.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button