Экономика

Семейде ауызсу қымбаттайды

Семейде ауызсу қымбаттайдыСемейде ауызсудың тарифі 105 пайызға қымбаттады. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында «Семей-Суарнасы» мемлекеттік кәсіпорнының басшылығы мәлім етті.

Кәсіпорын директоры Еркін Сағындықовтың айтуынша, қазір судың бағасы тұрғындар үшін қосымша құн салығынсыз – 16,42 теңге, бюджеттік мекемелерге – 24,63, ал басқа тұтынушыларға – 34,82 теңге. Алайда, биылғы мамырдан бастап бұл бағаны 105 пайызға, соның ішінде қарапайым жұртшылық үшін 115 пайызға көтеру көзделіп отыр.

Мамандардың пікірінше, қаладағы ауызсудың қымбаттауымен тиісінше көрсетілетін қызмет сапасы да соған сәйкес жақсаруы керек. Өз кезегінде кәсіпорын басшылығы бұдан былай жекеменшік сектордағы тұрғындар суды орталықтандырылған су жүйесі арқылы үйлеріне тартып алуға мүмкіндіктері болатынын айтты.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button