Қоғам
Семейде әйел адам қайтыс болды

Семейдегі жер үйлердің бірі өртеніп, әйел адам көз жұмды.
Қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға ағымдағы жылдың 22 тамызында сағат 01:31-де Шығыс саяжай массивінде болған.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде үйдің ағаш қабырғалары, едені және төбе жабындылары, есік және терезе блоктары, жиһаздары мен жеке заттары өртенген. Өрттің жалпы алаңы 20 шаршы метр. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 7 адам, соның ішінде 2 бала үйден өздері шығып үлгерген», – деді баспасөз қызметі.