Қоғам

Семейде 70 азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалды

     Жол полициясы қызметкерлерінің хабарлауынша, соңғы тәулікте Семейде рейд барысында 700-ден астам автокөлік тоқтатылып, олардың «арнайы рұқсат қағаздарының» бар-жоғы тексерілген.

Нәтижесінде, қалада 52 автокөлік жүргізушісі тіркеуден өтпеген рұқсатнамамен жүргендері белгілі болды.

Төтенше жағдай кезінде енгізілген шектеу шараларын бұзғаны үшін бір тәулік ішінде жүргізушілерге қатысты 26 әкімшілік хаттама толтырылған. Бір тәулік ішінде заңсыз пайдаланылған 52 арнайы рұқсатнама тәркіленіпті. Яғни рұқсатнаманы өздері шығарып алған.

Жалпы, рейд басталған екі айға жуық уақыт ішінде Семейде заңсыз пайдаланылған осындай 2996  арнайы рұқсатнама  тәркіленіпті. Қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін көшелерді патрульдеуге полиция мен Ұлттық ұланның күштері барынша жұмылдырылған.

Төтенше жағдай кезеңінде енгізілген шектеулерді жұп/тақ санды  бұзғаны үшін күндізгі уақытта 70 азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Семейде төтенше жағдайды сақтау бойынша әлі де рейдтер жалғасуда. Блок-бекеттердің жұмысын облыс әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат пен Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов те барып,  арнайы тексерді.

Раушан Нұғыманбекова

  Семей

Осы айдарда

Back to top button