ТОП

Семей: қарды неге қала сыртына шығармайды?

Ақпан айы Шығыс жұртына ерекше мінез танытты. Қақаған аязын айтпағанда, жауған қарының өзі бөлек әңгіме. Жауапты тұлғалардың іскерлігі де осы сәтте сыналатынын білеміз. Бұл жолы тұрғындар Семейдің су жаңа әкімі Нұрымбет Сақтағановтан бір үміт күтетінін жазады.

Қаладағы проблемаларды әлеуметтік желіде ашық көрсеткен тұрғындар Семей қаласының әкімі қызметіне жуықта ғана тағайындалған Нұрымбет Аманұлын кезек-кезек белгілеп жатыр. Мәселен «typicalsemey» парақшасындағы мына бір бейнероликті көріңіз.

«Жаңа Семей» базарының қары міне осы жерге төгіледі. Бірақ шығарылмайды. Тазалық жоқ!, – дейді ролик авторы.

Жазба соңында қала тұрғындары өздерінің арыз-шағымдарын қалдырған. Тұрғындардың пікірін оқып шықсаңыз, Семей мен Өскеменде қаланы қардан тазалау жұмыстары сын көтермейтінін ұғасыз.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button