Қоғам
«Семей орманы» резерватының Жаңа Семей филиалы Подгородный орманшылығында шыққан өрт ауыздықталды.
1 маусымда басталған тілсіз жауды сөндіруге бір тәулік кеткен. Өрттің ауданы – 200-250 гектар. Зардап шеккен ешкім жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша от найзағайдан шығуы мүмкін.