COVID-19 

Семей мен Риддердің халқы тәртіпті екен

Облыс аумағында карантиндің шектеулердің сақталуын бақылау үшін рейдтер жалғасып жатыр.

Қаңтардың 26-сы күні Өскеменде кезекті рейд жүрді. 106 нысан тексеріліп, санитарлық нормаларды бұзудың үш фактісі тіркелді.

Сондай-ақ бұған дейін анықталған бұзушылықтар бойынша дүкендерде медициналық маскасыз қызмет көрсеткен сатушыларға айыппұл салынды. Жалпы сомасы – 175 020 теңге.

Семейде мониторинг топтары 195 нысанды тексерді, олардың қатарында «Әлем» (220 орынды), «Dastan Cinema» (517 орынды), «Qazyna Cinema» (214 орынды) кинотеатрлары да бар. Санитарлық талаптарды бұзған жағдайлар анықталмаған. Оған қоса рейд барысында 35 автобус қамтылып, конвейерлік әдіспен 598 автобус тексерілді. Маскалық режимді сақтамаған 23 адамға ескерту жасалды.

Риддер қаласында жүргізілген рейд нәтижесінде 73 нысан тексерілді. Ешқандай бұзушылықтар тіркелмеді. Бұрын өткен рейд қорытындысы бойынша дүкенде маскасыз қызмет көрсеткен  сатушыға 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды.

“DIDAR” ақпарат

Осы айдарда

Back to top button