Қоғам

Семей әкімі қаланың тазалығын бақылауға алды

Балауса ҚОЖАЕВА

Семей десе көз алдымызға алдымен аспалы көпір, ал содан кейін аузы-мұрнынан шығып жататын қоқыс жәшіктері елестейді. Халық жиі шағымданатын мәселе қала басшысының да құлағына жеткен сыңайлы. Өйткені Бақытжан Баяхметов бірер күн бұрын көпқабатты тұрғын үйлердің маңындағы қоқыс контейнерлерін тексерді.
Шаһар жұртшылығы қоқысты айта-айта шаршаған. Себебі қоқыстары екі-үш аптасыз шығарылмайды. Бірақ мәселе жуық арада шешілетін сияқты. Бұлай деуімізге әкімнің мына бір жазбасы себеп:

– Әлеуметтік желілерде біз қала тұрғындарының шағымдарын көріп жүрміз. Өкінішке қарай, “Семей тазалық” ЖШС шағымдарға қарамастан, жұмыстарын сапасыз орындап келеді. Бұған біз қаланы аралау барысында көз жеткіздік.
Аталған ұйым қызмет көрсететін учаскелердің барлығында дерлік қоқыс дер кезінде шығарылмаған. Осыған байланысты тиісті бөлімге бақылауды күшейтуді және шарттық міндеттемелер орындалмаған жағдайда келісімшартты тоқтату туралы ұсыныс енгізу тапсырдым, – дейді әкім.
Ендеше мәселенің шешілуін тілейік.

Осы айдарда

Back to top button