Қоғам

Селфиге сапалы түсіретін смартфондар

Тасқын Болатұлы

Селфиді тұнық түсіретін, алдыңғы камерасы сапалы үздік бес смартфонмен таныса отырыңыздар. Ескерте кетейік, біз мұнда бағасы аса қымбат емес құрылғыларды таңдадық, сондықтан iPhone маркасын тізімге алған жоқпыз және смартфонның жеке артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталмймыз.

Бесінші орында Huawei P30 lite. Бұл смартфонның артқы камерасынан гөрі алдыңғы камерасының мегапикселі (32 мегапиксель) көп. Алдыңғы камерасында IPS-экраны орнатылған және автофокус пен оптика стабилизаторы бар.

Төртінші орында HONOR View 20. Алдыңғы камерасының мегапикселі – 25. Камераның диафрагма мен ISO параметрлерін өзгертуге болады. Оптика стабилизаторы жұмыс істейді. Тағы бір артықшылығы: видеоға түсіргенде дыбысты сапалы жазады.

Үшінші орында Xiaomi Mi Mix 3. Алдыңғы камерасының мегапикселі – 24. Автофокус пен оптика стабилизаторы бар.

Екінші орында Galaxy S10+. Автофокус, AMOLED-экран жұмыс істейді. Мегапикселі – 10, оған қосымша сапалы матрицасы бар.

Бірінші орында Google Pixel 3. Мегапикселі 8, дегенмен матрицалары сапалы. Google желісінде қанша фото мен видео сақтаймын десеңіз де өз еркіңізде, компания бұлтты қоймасынан шектеусіз мүмкіндік береді.

 

Осы айдарда

Back to top button