Қоғам

Сегіз тоннадан астам ет әкелді

Сегіз тоннадан астам ет әкелді


Облыс орталығында өткен бұл жолғы жәрмеңкенің иесі – Көкпекті ауданы. Онда саудаланған өнімдердің бағасы базарға қарағанда әлдеқайда арзан болды.

Жәрмеңкеде Көкпекті ауданының 17 ауылдық округінен келген шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлері сапалы азық-түліктерін ұсынды.

– Жәрмеңкеге сегіз тоннадан астам ет, сондай-ақ бал, балық, көкөніс және сүт өнімдерін әкелдік. Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарын өзіміздің өнерімізбен де қуантып, концерттік бағдарлама әзірледік. Жалпы, мұнда ұсынылып отырған азық-түліктің бағасы базардағыдан әлдеқайда арзан. Меніңше, бұл шара, біріншіден, ауылдағы кәсіпкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Екіншіден, қала тұрғындары үшін тиімді, – деді Көкпекті аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Бауыржан Абылғазыұлы.

Бұл күні табиғи өнімдерді тауар өндірушілердің өзінен сатып алуды ұйғарған қалалықтардың қарасы көп болды. Қала тұрғыны, зейнеткер Қалима Қожаева жәрмеңкеде саудаланатын өнімдердің бағасына да, сапасына да көңілі толатынын жеткізді.

– Сенбі күні қолым бос болса, жәрмеңкеден қалмауға тырысамын. Өйткені мұндағы баға қолжетімді. Алдағы уақытта халыққа қажетті, күнделікті пайдаланатын өнімдердің бағасы өсіп кетпесе екен, – деді ол.

Жәрмеңке соңы көкпектілік өнерпаздардың концертіне ұласты.

Ажар Мұратқызы

Осы айдарда

Back to top button