Қоғам

Сегіз лауазымды тұлға жауапқа тартылды

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Денис Шәкенов полиция департаментінің бастығы Серік Жүнісбеков, облыс прокуроры Алмат Байшолақов және Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковоймен бірге Риддер қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Денис  Шәкенов облыста сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылықтарды азайту мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленгенін атап өтті. Картаға қолданыстағы процестердің ашық болмауына, әкімшілік кедергілердің болуына, шенеуніктердің озбырлығына, заңнаманың жетілмегендігіне байланысты шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелердің тізбесі кірді. Жемқорлықпен күресушілердің жұмысында әлеуметтік желілер мен азаматтардың өтініштері мониторингінің нәтижелері бойынша анықталған, облыс халқын толғандыратын нақты проблемаларды шешу басым бағыт болып табылады.

– Азаматтарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамын, жемқорлық фактілері белгілі болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлауларыңызды сұраймыз.  Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы әрбір шағым заңды түрде қаралып, тиісті шаралар қабылданады, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады, – деп атап өтті Денис Шәкенов.

ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы үш жылда Риддер қаласы бойынша тоғыз сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеді, олардың көпшілігі бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша әшкереленген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша сегіз лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның бесеуі бас бостандығынан айыру мен шектеудің әртүрлі мерзімдеріне, сондай-ақ ірі айыппұлдар тағайындау түрінде сотталды.

Қала тұрғындары құқық қорғау органдарының басшыларына азаматтарды құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге қатысты  сұрақтар қойды, оның ішінде екі сұрақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысына жолданды. Олар сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлағаны үшін азаматтарды қорғау шаралары туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоға қызметке кіруге қатысты сауалдар болды.

 

 

Кәмал Естай

Осы айдарда

Back to top button