Қоғам

Сегіз ХҚО күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Ержан Әбіш

Шетелдік, әсересе ресейлік еңбек иммигранттарының ХҚО-ларға жаппай келуіне байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы оларды Астана мен Алматыдағы, сондай-ақ Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарындағы арнайы күшейтілген ХҚО-ларда қабылдай бастады.

Бұл ХҚО-лардағы жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алушылар кезегін азайтпақ. Енді сырттан келушілер сегіз облыстағы арнайы күшейтілген ХҚО-ларға барып, өздеріне қажет қызметті ала алады.

– Мемлекеттік корпорация болып жатқан жағдайды реттеу үшін бар мүмкіндікті қарастырып жатыр. Біздің облыста жағдай тұрақты. ХҚО-ларда клиенттердің ұзақ сонар кезегі байқалмайды. Десек те, клиенттерді жағдайға түсінікпен қарауға шақырамыз, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Мөлдір Зәруетқызы.

ЖСН алу үшін шетелдіктерден жеке басын куәландыратын құжат талап етіледі. Ал көрсетілетін қызметті алушының ресми өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат және өтініші қажет. Шетелдіктер үшін ЖСН куәлігін беру мерзімі – 1 жұмыс күні. ЖСН алу – барлық адамдар үшін тегін.

Шеттен келгендер «Мобильді ХҚО» қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 телеграм-боты, eGov электронды үкімет порталы және 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы ХҚО-ларға кезекке тұруға да құқылы.

Атап өтерлігі, облыстағы ХҚО-лар штаттық режимде дүйсенбі-жұма аралығында 9-дан 18-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар сенбіде 9-дан 13-ке дейін жұмыс істеуде.

Осы айдарда

Back to top button