Қоғам

Сайт арқылы жұмысты реттеуге бола ма?

–  Мен жеке кәсіпкермін. Өз қызметтерім үшін міндетті зейнетақы жарналарын әрдайым аударып отырамын. Енді оны Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сайтының көмегімен жүзеге асыруға болады деп естідім. Бұл рас па?

Болатбек, Глубокое ауданы.

Сіздің сауалыңызға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры былай деп жауап берді:

– Бұл дұрыс ақпарат. Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтындағы «Жеке кабинет» бөлімінде «Заңды тұлға кабинеті» жұмыс істейді. Бқл қызметті электрондық-цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда жеке кәсіпкерлер мен қол қою құқығы бар бірінші басшылар немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген заңды тұлғаларға арналған электрондық-цифрлық қолтаңбасы бар, қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген адамдар пайдалана алады.

«Заңды тұлға кабинеті» жұмыс берушілерге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы, міндетті кәсіптік зейнетақы және ерікті зейнетақы сияқты жарналарын төлеуге қатысты тапсырмаларын қалыптастыруға, редакциялауға және басып шығаруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мұнда зейнетақы қорына төлемдерін жіберуі қажет қызметкерлердің тізімі берілген. Оған түзету енгізуге де болады. Сіз өз парақшаңызды компанияңыздың бейіні бойынша толтыра аласыз. Мысалы, ұйымның мекенжайын, байланыс деректерін және электронды поштаны қоса аласыз. «Е-өтініш» порталына өтініш беріп, кері байланыс алуыңызға болады. Сондай-ақ  кез келген уақытта жасалған іс-әрекеттер туралы есепті де көре аласыз.

Оған қоса, «Заңды тұлға кабинеті» арқылы реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге, жадынамалар мен нұсқаулықтарға, өтініш бланктеріне сілтемелер бойынша өту мүмкіндігі пайда болды. Осылайша, қажетті ақпаратты іздеу үшін виртуалды кабинеттен шығудың қажеті жоқ.

Осы айдарда

Back to top button