Қоғам

Сайлауалды штаб жұмысқа дайын

Сайлауалды штаб жұмысқа дайын

«Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалында партияның осы жылдың 29-қаңтарында өткен ХVІІ кезектен тыс съезінің қорытындысы бойынша делегаттар кездесуі өтті. Кездесуге қатысушылар облыстық сайлауалды штабының жұмысқа дайындығы туралы мәлім етті.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов «Нұр Отан» партиясының өткен ХVІІ кезектен тыс съезінде Бес институционалдық реформаны іске асыру аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттары бойынша әзірленген жаңа сайлауалды бағдарлама қабылданғанын, сондай-ақ, Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына партиялық кандидаттар тізімі бекітілгенін атап көрсетті.
– Облыстық сайлауалды штабтың құрамы жасақталды және жұмысқа кірісуге дайын. Қазіргі кезде бүкіл еліміз бойынша сайлауалды штабтарды құру бойынша жұмыстардың дайындық кезеңі жүріп жатыр, ол 20-ақпанға дейін жалғасады, – деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов.
Оның айтуынша, «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы сайлауалды штабының басты міндеті – сайлау заңнамасының сақталуы, сонымен қатар, сайлаудың әділ әрі ашық өткізілуін қамтамасыз ету.
Облыстық сайлауалды штабтың құрамына өңірдің белсенді тұрғындары, облыстық партия филиалы саяси кеңесінің мүшелері, өткен сайлауларға тікелей қатысқан және үлкен тәжірибеге ие қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және облыстық қоғамдастықтардың өкілдері еніп отыр.
Атап өтерлік жайт, осы жылдың 20-ақпанында өңірде бір облыстық және 20 аудандық және қалалық қоғамдық штабтың және қабылдау бөлмесінің ашылуы жоспарлануда, олардың құрамына шамамен 450 адам кірмек.
Барлық штабтардың жұмыстарына үш мыңнан астам адам, сонымен бірге, партияның үш мыңдай белсендісі қатысады.

Облыстық ақпарат орталығы

Осы айдарда

Back to top button